Зияткерлік меншік құқығы комитетінің дербес сайтын бұзған компьютердің орналасқан жері анықталды
АСТАНА. 8 ақпан. ҚазАқпарат - Зияткерлік меншік құқығы комитетінің дербес сайтын бұзған компьютердің орналасқан жері анықталды,
деп хабарлайды ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметі.
Еске сала кетейік, ақпанның 6-нан 7-сіне қараған түні ҚР Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитетінің сайты бұзылған болатын. Онда белгісіз тұлғалармен зияткерлік меншік мәселелері бойынша ҚР кейбір заңнамалық актілеріне енгізілген өзгертулерге қарсылығын хабарлайтын баннер орналастырылды.
«Қазіргі уақытта заңсыз әрекеттер жасалған компьютердің IP мекен-жайы мен орналасқан жері анықталды. Уәкілетті органдармен заңда белгіленген тәртіпке сәйкес кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту бойынша шаралар қабылданады», - делінген ведомство хабарламасында.
Сонымен қатар, ағымдағы жылғы 12 қаңтарда қабылданған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қарсы тұлғалардың мәліметіне Әділет министрлігі 9 ақпанда сағат 11.00-де баспасөз мәслихат өткізетінін хабарлайды. Баспасөз мәслихат барысында қабылданған түзетулерге қатысты сұрақтарға жауап берілмек.