Зияткерлік меншік құқығы комитетінің сайты бұзылды

АСТАНА. 8 ақпан. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылғы ақпанның 6-нан 7-сіне қараған түні Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитетінің сайты бұзылды.

Зияткерлік меншік құқығы комитетінің сайты бұзылды

Аталған ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, комитет сайтының әкімшісі зияткерлік меншік мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне енгізілген өзгертулерге қарсылығын хабарлайтын баннер белгісіз тұлғалармен 7 ақпанда, түнгі сағат 3-те орналастырылғанын анықтады.

Заңсыз орналастырылған баннерді комитет сайтының әкімшісі  7 ақпанда таңертең алып тастаған көрінеді. Қазіргі уақытта заңсыз әрекеттер жасалған компьютердің IP мекенжайы мен орналасқан жері анықталды.

Уәкілетті органдармен заңда белгіленген тәртіп бойынша кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту бойынша шаралар қабылданады.

Осы орайда ағымдағы жылғы 12 қаңтарда қабылданған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы бойынша Әділет министрлігі 9 ақпанда баспасөз мәслихатын өткізбек. Баспасөз мәслихат барысында қабылданған түзетулерге қатысты сұрақтарға жауап беріледі.