Зияткерлік меншік құқықтарын қорғауда әділет және ішкі істер органдары күш біріктіреді - комиссия отырысы
Комиссия жұмысының барысында Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау әділет органдары мен құқық қорғау органдарының арасында өзара әрекеттестік және әріптестік қатынастар орнату келісімдері жүргізілді. Сондай-ақ Қазақстанда зияткерлік меншік құқықтарын және интернет желісіндегі авторлық және сабақтас құқықтарды қорғау мәселелері талқыланып, оны шешудің жолдары сараланды.
Зияткерлік меншік құқығы комитетінің төрайымы Л. Стамбекованың мәліметінше, Заңсыз айналымнан 22 млн. теңгенің контрафактілі заттары алынып тасталды. Әкімшілік жауапкершілікке 127 адам тартылды. Олардан 2,5 миллион теңгеден асатын айыппұл өндіріп алынған.
Комиссияның бірінші отырысында Комиссия құрамы мен ережесі бекітілді. Оған Бас прокуратура, Қаржы полициясы, Ішкі істер министрлігі, Әділет министрлігінің мамандарды кірді. Сонымен қатар бұл құрамға үкіметтік емес ұйымдардың, қоғамдық және ғылыми орталықтардың өкілдерін қосу жөнінде де ұсыныстар жасалды.