Зияткерлік меншік туралы заңға «географиялық көрсеткіш» ұғымы қосылды
«Ұжымдық негізде меншік құқығын басқаратын ұйымдар қызметінің ашықтығы мен тиімділігін арттыру мақсатында түзетулер енгізілді. Авторлар мен авторлық құқық иелерінің тәжірибелерін, шағымдарын талдау ұйымдардың міндеттерін нақтылауды қажет ететіндігін көрсетті. Түзетулер 9 мыңға жуық қазақстандық автор мен авторлық құқық иелерінің тиісті сыйақыларын алуға деген үмітін көрсетеді және ұжымдық ұйымдардың олардың құқықтарын бұзуын жоюға бағытталған», - деді Ақерке Ахметова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Әділет министрлігінің мәліметіне сәйкес, заң жобасы бойынша барлық мүдделі тараптардың – авторлар мен құқық иелерінің, патенттік сенім білдірілген өкілдердің, ғалымдардың, ұжымдық ұйымдардың, мүдделі мемлекеттік органдардың және «Атамекен» ҰКП өкілдерінің қатысуымен жан-жақты талқылау өтті.
«Сонымен қатар, жаңа нысан – «географиялық көрсеткіш» енгізілді. Бұл түзету отандық өндірушілерге жаңа мүмкіндіктермен әлемдік нарыққа шығуға жол ашады. Бұл жағдайда тауардың беделі мен сапасы белгілі бір географиялық нысанмен байланысты. Мысалы, «Қазақстан шоколады», «Лангер балмұздағы» және тағы басқалары», - деді вице-министр.