09:45, 13 Шілде 2009 | GMT +5
Зияткерлік меншіктің Дүниежүзілік ұйымының аймақтық форумы Шолпанатада өтеді
БІШКЕК. Шілденің 13-і. ҚазАқпарат /Владимир Добровольский/ - Ыстықкөл жағалауындағы Шолпаната қаласында шілденің 14-16-сы аралығында зияткерлік меншік саласындағы университет үйлестірушілеріне арналған аймақтық форум өтеді.

ҚазАқпарат тілшісі бұл туралы «Қырғызпатенттің» баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Зияткерлік меншіктің Дүниежүзілік ұйымы Қырғызстанның Мемлекеттік патенттік қызметімен бірлесіп ұйымдастырған форум Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының 11 елінің патенттік ведомстволарының мамандары мен дүниежүзілік ұйымның өкілдерінің бастарын қосады.
Зияткерлік меншіктің Дүниежүзілік ұйымы өкілдерінің кездесуі аясында зияткерлік меншік, ТМД елдеріндегі технологияларды басқару, инновациялар және технологиялар алмасудың әлеуеттері саласындағы мәселелер бойынша тәжірибе алмасылады.