Зияткерлік меншік құқықтарының сауда аспектілері жөніндегі келісімге толықтыру енгізілді
АСТАНА. KAZINFORM - Президент зияткерлік меншік құқықтарының сауда аспектілері жөніндегі келісімге толықтыру енгізу туралы хаттаманы ратификациялауға қатысты құжатты мақұлдады.
«Мемлекет басшысы „Зияткерлік меншік құқықтарының сауда аспектілері жөніндегі келісімге толықтыру енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы“ Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», — деп жазылған Ақорданың ресми сайтында.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.