Зообақта маймылдар арасына кіріп кеткен баланы құтқару үшін горилла атып өлтірілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың шығысындағы Огайо штатында гориллалардың темір қоршауына үш жастағы бала кіріп кеткен, деп хабарлайды ресейлік ТАСС агенттігі.
Салмағы 180 келі 17 жастағы Харамбе деп аталатын маймыл баланы қолына алып, 10 минуттай құшақтап жүрген.
Зообақ қызметкерлері баланы құтқару үшін маймылды атып өлтірді. Қазір баланың жағдайы жақсы, аздаған жарақатымен ауруханаға жеткізілді.
Фото:© KEYSTONE/ Georgios Kefalas