Зульфия Чиншанло ауыр атлетикадан Азия чемпионы атанды
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстандық ауыр атлет Зульфия Чиншанло Бахрейнде ауыр атлетикадан өткен Азия чемпионатында жеңімпаз атынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Ол 55 кг-ға дейінгі салмақта алтын медальды жеңіп алды. Қоссайыс нәтижесі бойынша ол 220 (95+125) кг нәтиже көрсетті.
Екінші орынды 210 кг салмақта қытайлық Линлу Лю жеңіп алды. Үшінші орынға 193 кг-ға дейінгі салмақта өзбекстандық Нигора Абдуллаева қол жеткізді.
Фото: olympic.kz