Зырян қаласында бір әйел мен оның екі баласы иіс тиіп уланып қалды

АСТАНА. Қазанның   22-сі.  ҚазАқпарат - Төтенше жағдайлар  министрлігінің ақпараты  бойынша,   Зырян   қаласында бір әйел мен оның екі баласы  иіс  тиіп  уланып, ауруханаға түсті.

Зырян  қаласында   бір  әйел мен    оның екі баласы иіс тиіп уланып  қалды

Қатты   отынмен  жанатын   пеш   құбырының  тартпай қалуы салдарынан, бейсенбі күні     таңғы сағат 04.55-те  бір әйел мен оның  13 жастағы қызы    және    кішкентай  нәрестесі  иіс  тиіп уланып қалды.   Зардап шегушілер ауруханаға  жатқызылды,  деп   хабарлайды   Төтенше жағдайлар   министрлігінен.