Зырян қаласындағы мектептерде сабақ тоқтатылды - ауа температурасы 34 градус аязды көрсетуде - ШҚО

ӨСКЕМЕН. 28 қараша. ҚазАқпарат - Зырян қаласындағы ауа температурасының төмен болуына (-34 градус) байланысты мектептерде 1-4 сынып оқушылары үшін сабақтар тоқтатылды.

Зырян қаласындағы мектептерде сабақ тоқтатылды -  ауа температурасы 34 градус аязды көрсетуде - ШҚО

Таңғы сағат 8-ден бастап оқитын 5-11 сынып оқушылары мен колледж студенттері үшін сабақтар 11-де басталады.

 Бұл жаңа қысқы маусымның салдарынан сабақтар тоқтатылып отырған алғашқы  ең төменгі температура болып табылады.