Зырян қаласының полицейлері Зубов кентінде табылған 27 жастағы ер адамның мәйітіне қатысты кісі өлімінің жай-жапсарын тексеруде

ӨСКЕМЕН. 22 сәуір. ҚазАқпарат - Зубов кентінің учаскелік инспекторы кешкі уақытта өзінің аумағын аралап жүріп, тұрғын үйдің алдынан мойнында жарақаты бар жас адамның мәйітін тауып алды.

Зырян қаласының полицейлері Зубов кентінде табылған 27 жастағы ер адамның мәйітіне қатысты кісі өлімінің жай-жапсарын тексеруде

Ол бұрын бірнеше рет сотталған 27 жастағы ер адам болып шықты.

Полицейлер шұғыл әрекет етіп, жұмыссыз, бұрын сотталмаған, кісі өлтіруге күдікті 22 жастағы жергілікті тұрғынның ізіне шықты. Ол уақытша оқшаулау абақтысына қамалды және қазірдің өзінде мойындау жауаптарын беруде.

Анықталғандай, қайғылы оқиға бұрыннан таныс екі адамның арасындағы арақ ішу отырысы кезінде басталған жанжалдан болған. Қылмыскер жәрбірленушіні шөлмектің сынығымен мойнынан ұрып өлтіріп, мүрдені көгалдың шетіне сүйреп тастап, із суытқан.

Бұл факті бойынша ҚР ҚК 1-бөлімінің 96-бабымен іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.