Зырянда жұмыртқа көлемінде бұршақ жауды

ЗЫРЯН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысының Зырян ауданында бөдене жұмыртқасының көлемінде бұршақ жауды, деп хабарлайды ҚазАқпарат YK-news.kz сайтына сілтеме жасап.

Зырянда жұмыртқа көлемінде бұршақ жауды

29 тамыз күні Зубовск кентінде табиғат тосын мінез танытты. Тұрғындардың айтуынша, аз ғана уақытқа жалғасқан жаңбырдан кейін елді мекенге ірі көлемде бұршақ жауды.

Ауыл тұрғындары мұндай жауын-шашынды көрмегелі біраз болған. Бұршақ бау-бақшаны түгелімен зақымдады.

«Машинаны гаражға әрең тығып үлгердім. Жаңбыр мен бұршақ басталып кетті», - дейді Алла.

Еске салайық, «Қазгидромет» ауа райына байланысты Шығыс Қазақстан облысында ескерту жариялаған болатын.