Зыряновта үш жасар бала жазатайым шетінеді
ӨСКЕМЕН. Шілденің 30-ы. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Зыряновта ересектердің байқаусыздығынан үш жасар бала шетінеді,
деп хабарлайды төтенше жағдайлар жөніндегі ведомствоның баспасөз қызметінен.
Жүк көлігінің доңғалағын ауыстыру кезінде машина иесі доңғалақты қараусыз қалдырған. Жақын жерде ойнап жүрген оның 3 жасар немересі байқамай доңғалақты өзінің үстіне аударып алып, алған жарақаттан оқиға орнында көз жұмған.