Арман Абайұлы Шаққалиев
ҚР Сауда және интеграция министрі
Өмірбаяны
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Төлем қабілетсіз борышкерлермен жұмыс комитетінің маманы, төрағасының орынбасары
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаментінің басшысы, «ҚазАгро» ҰХ» АҚ стратегиялық даму және жоспарлау жөніндегі басшысы және басқа да қызметтер
«Қазақстандық метрология консалтинг» МКК директоры (2004–2008)
Қазақстан Республикасы Индустрия және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетіне қарасты «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК директоры (2008–04.2016)
Еуразиялық экономикалық комиссияның Техникалық реттеу және аккредиттеу департаментінің директоры (04.2016–07.2018)
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы (07.2018–07.2019)
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы (07.2019–09.2020)
Қазақстан Республикасынан Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының мүшесі, ЕЭК Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі министрі (11.2020–06.10.2022)
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция бірінші вице-министрі (11.10.2022–02.09.2023)
Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі (02.09.2023, 06.02.2024, 03.09.2026 жылдан бастап қайта тағайындалды)
Білімі
Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензиялары:
М. Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университеті
Мамандық: «Стандарттау, сертификаттау және метрология»
Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Мамандық: «Заңгер»
Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
Мамандық: «Экономист»
Марапаттары
«Құрмет» ордені (16.12.2021)
«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалі (2011)
«Еуразиялық экономикалық одақты дамытуға қосқан үлесі үшін» медалі (29.05.2019)
«Жыл патриоты» сыйлығы, ведомстволық марапаттар (12.2019)
Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі Мемлекетаралық кеңестің «Ерен еңбегі үшін» құрмет белгісі
Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы тауар айналымы 1,63 млрд долларға жетті
Қазақстан мен Италия арасындағы сауда көлемі 16,9 млрд долларға жетті
Қазақстан шетелдегі қандай ірі сауда желілерімен келіссөз жүргізіп жатыр
Шымкент қаласында 47 делдал сауда тізбегінен шығарылды
Қазақстанда жасанды интеллектіге негізделген бірыңғай цифрлық сауда экожүйесі құрылады