Арман Асқарұлы Әбдірәсілов
ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің Жағдайлық орталығының меңгерушісі
Өмірбаяны
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Математика және механика ғылыми-зерттеу институтында инженер (2001–05.2002)
Ғылыми-техникалық орталықта инженер (05.2002–06.2012)
«Кибершабуылдарды талдау және тергеу орталығы» заңды тұлғалар бірлестігі компаниялар тобының тең құрылтайшысы, визионері және мемлекеттік органдармен байланыс жөніндегі директоры (2013–08.2020)
АҚШ-тың Facebook компаниясында комплаенс бағыты бойынша қызмет атқарған (2018–2019)
«Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» АҚ басқарма төрағасы (08.2020–10.2022)
«Brain Trust» ЖШС басқарушы серіктесі, капиталды тиімді басқару және цифрлық трансформация саласындағы консалтинг маманы (11.2022–02.2025)
Канаданың SecDev Foundation ұйымында Орталық Азиядағы ақпараттық технологиялар мен киберқауіпсіздікті дамыту мәселелері жөніндегі аға кеңесші (11.2022–02.2025)
Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Қауіпсіздіктің өзекті мәселелері бөлімінің меңгерушісі орынбасары (02.2025–08.08.2025)
Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Жағдайлық орталығының меңгерушісі (08.08.2025 жылдан бастап)
Білімі
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің механика-математика факультетін бітірген (1997–2001)
KIMEP университетінде «Басқарушылық есеп» бағыты бойынша білім алған
Санкт-Петербург мемлекеттік университетінде білім алған
Бизнестің цифрлық трансформациясы бойынша білім алған
ADKAR әдіснамасы бойынша трансформацияны басқару жөніндегі сертификатталған маман
Cisco компаниясының CCNA, CCNP, CCIE сертификаттарының иегері
Джордж К. Маршалл атындағы Еуропалық қауіпсіздікті зерттеу орталығының стипендиаты
CISA, ISACA Astana Chapter сертификатының иегері
ISO 27001 ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйелері бойынша жетекші аудитор
Стэнфорд университетінің Design Thinking әдіснамасы бойынша білім алған
Марапаттары
«Үздік байланысшы» төсбелгісі
«Үздік цифрландырушы» төсбелгісі
«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 30 жыл» мерейтойлық медалі