Ажар Ғиният
«Ұлттық балаларды оңалту орталығы» КЕАҚ Басқарма төрағасы
Өмірбаяны
1992–1994 жылдары – Атырау қаласындағы №2 қалалық емхананың учаскелік педиатр дәрігері
1994 жылы – Ақтау қаласындағы №1 медициналық-санитариялық бөлімнің балалар жұқпалы аурулар бөлімшесінің инфекционист дәрігері
1994–1999 жылдары – Ақтау қаласындағы №1 медициналық-санитариялық бөлімнің бөлімше меңгерушісі
1999–2001 жылдары – Ақтау қаласындағы облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары.
2001–2005 жылдары – Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары
2005–2006 жылдары – Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау департаментінің директоры
2008–2010 жылдары – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті басқармасының бастығы
2010–2014 жылдары – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры
2014–2016 жылдары – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Әлеуметтік қызметтер департаментінің директоры
2016–2017 жылдары – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры
2017 жылдан 2020 жылғы маусымға дейін – Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығы басшысының орынбасары
2020 жылғы маусымнан 2022 жылғы 11 қаңтарға дейін – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі
2022 жылғы 11 қаңтардан 2024 жылғы 6 ақпанға дейін – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі
2024 жылғы 15 наурыздан бастап – «Ұлттық балаларды оңалту орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы
Білімі
1992 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина институтын «Педиатрия» мамандығы бойынша тәмамдаған
2007 жылы Ш. Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бітірген
2015 жылы Almaty Management University (ALMU) университетінде Іскерлік әкімшілендіру (MBA) мамандығы бойынша білім алған
Марапаттары
«Құрмет» ордені (2021 жылғы 16 желтоқсан)
Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасы (2013)
Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Құрмет грамотасы (2019)
«Еуразиялық экономикалық одақты құруға қосқан үлесі үшін» III дәрежелі медалі (2015 жылғы 8 мамыр)
«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медалі (2016)
«Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» мерейтойлық медалі (2015)
«Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісі (2005)
«Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісі (2010)
«Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісі (2018)
«Қазақстан әйелдерінің жетістіктерін қоғамдық мойындау – «Ажар» ұлттық сыйлығының «Мемлекеттік басқару» аталымы бойынша лауреаты (2006)
Ақмарал Әлназарова бұрынғы министрдің жаңа қызметіне қатысты пікір білдірді
Ажар Ғиният «Ұлттық балаларды оңалту орталығы» КЕАҚ басқарады
Экс-министр Ажар Ғиният қайда жүр
Ажар Ғиният денсаулық сақтау жүйесінде қызметін жалғастыра ма
Қызылша, ВИЧ, жаппай уланған балалар: Ажар Ғиният елдің бас дәрігері болып тұрғанда қандай оқиғалар болды