Гайдар Қабдоллаұлы Қасенов

Гайдар Қабдоллаұлы Қасенов

Ақмола облысы Степногорск қаласының әкімі
Туған күні
20 Маусым, 1976
49 жас
Туған жері
Ақмола облысы, Атбасар ауданы, Мариновка ауылы, Қазақстан
Тіл білуі
Қазақша, Орысша
Өміріне қатысты қызықты деректер

Университетте әскери кафедраны аяқтады

Запастағы аға лейтенант, взвод командирі

Еңбек жолы

1998 жылдан 1999 жылғы ақпанға дейін Астана қаласы «Алматы» ауданы әкімі аппаратының экономика және нарықтық қатынастар бөлімінде бас маман болып жұмыс істеді

1999 жылғы ақпаннан 2001 жылғы маусымға дейін «Астана-Финанс» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы көмекшісі, кейін жоспарлау, маркетинг және ақпараттық технологиялар бөлімінің маманы болды

2001 жылғы тамыздан 2002 жылғы ақпанға дейін «Астана Газ Сервис» ашық акционерлік қоғамы сату бөлімінің басшысы болып жұмыс істеді

2002 жылғы ақпаннан 2006 жылғы қаңтарға дейін – «Орталық газбен жабдықтау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, Астана қаласы

2004 жылғы маусымнан 2006 жылғы қаңтарға дейін – «Евразия Central LTD» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, Астана қаласы

2006 жылғы ақпаннан 2007 жылғы тамызға дейін «Алматы» ауданы әкімі орынбасары болып жұмыс істеді

2007 жылғы тамыздан 2008 жылғы сәуірге дейін – Астана қаласы «Алматы» ауданының әкімі

2008 жылғы сәуірден 2015 жылғы сәуірге дейін – «Қазтеміртранс» АҚ вице-президенті, Астана қаласы. Өз еркімен қызметінен кетті

2015 жылғы қыркүйектен 2019 жылғы 23 қазанға дейін – «Nur Otan» партиясы Астана қаласы «Алматы» аудандық филиалының бірінші орынбасары

2019 жылғы қазаннан 2021 жылғы тамызға дейін Ақмола облысы, Шортанды ауданның әкімі

2021 жылғы тамыздан 2024 жылғы қарашаға дейін Ақмола облысы, Қосшы қаласының әкімі

2024 жылғы 13 қарашадан бастап Ақмола облысы, Степногорск қаласының әкімі болып тағайындалды

Білімі

1998 жылы Астана қаласындағы С.Сейфуллин атындағы Аграрлық университетті ауыл шаруашылығы өндірісін механикаландыру мамандығы 

2002 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін сырттай оқып, әлеуметтік сала мен өндірістердегі экономика және менеджмент мамандығы

2004 жылы Челябинск мемлекеттік агроинженерлік университетінің аспирантурасын аяқтап, экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алған

2012 жылы Халықаралық бизнес академиясының магистратурасын менеджмент мамандығы бойынша бітірген

Марапаттары

«Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік наградасы

«Құрмет» ордені

Архив казинформ
Посмотреть еще