Әбілқасымова Мәдина

Мәдина Ерасылқызы Әбілқасымова

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Төрағасы

Туған күні
1 тамыз 1978, 47 жаста
Туған жері
Қазақстан; Алматы қаласы
Тілдерді білуі
Қазақша, орысша, ағылшынша

Өмірбаяны

ҚР Стратегиялық жоспарлау агенттігінің бас маманы (1999-2001)
ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің стратегиялық жоспарлау басқармасының бастығы (2003-2004)
«Маркетингтік-аналитикалық зерттеулер орталығы» АҚ мемлекеттік саясатты талдау департаментінің директоры (2004-2006)
ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Әлеуметтік-экономикалық бөлімінің меңгеруші орынбасары (2006-2008)
ҚР Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығы меңгерушісінің орынбасары (2008-2011)
ҚР Экономикалық даму және сауда вице-министрі (2011-2013)
Қазақстанның Дүниежүзілік Банк басқарушысының орынбасары (2012 жылдан бастап)
ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі (2013-2014)
ҚР Ұлттық экономика вице-министрі (08.2014-02.2018)
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі (09.02.2018-25.02.2019)
ҚР Ұлттық экономика бірінші вице-министрі (03.2019)
ҚР Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары (28.03.2019-18.12.2019)
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Төрағасы (18.12.2019 бастап).

Білімі

Қазақ мемлекеттік басқару академиясы (1999 ж)
Мамандығы: «Халықаралық экономикалық қатынастар»

Колумбия университеті (2001-2003 жж)
Халықаралық қатынастар магистрі, мамандығы: «Экономикалық саясатты басқару»

Гарвард университетінің Кеннеди атындағы мемлекеттік басқару мектебі (2010-2011 жж)
Мемлекеттік басқару магистрі

Марапаттары

«Астананың 10 жылдығы» мерейтойлық медалі (2008)
«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалі (2011)
«Ерен еңбегі үшін» медалі (2012)
«Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» мерейтойлық медалі (2015)
«Еуразиялық экономикалық одақты құруға қосқан үлесі үшін» II дәрежелі медалі (2015)
«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медалі (2016)

Фото