Нұрлан Мәжитұлы Әбдіров

Нұрлан Мәжитұлы Әбдіров

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы

Туған күні
12 қаңтар 1961, 65 жаста
Туған жері
Қазақстан, Қарағанды облысы Шет ауданы Ақсу-Аюлы ауылы
Тілдерді білуі
kz, ru

Өмірбаяны

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қарағанды жоғары мектебінде оқытушы қызметін атқарды (1982–1984)

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қарағанды жоғары мектебінде оқытушы, аға оқытушы, доцент, қылмыстық құқық және криминология кафедрасы бастығының орынбасары қызметтерін атқарды (1987–1997)

Қазақстан Республикасы Есірткі заттарын бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссиясының хатшысы болды (06.1997–05.2000)

Қазақстан Республикасының Нашақорлық және есірткі бизнесімен күрес агенттігі төрағасының орынбасары қызметін атқарды (05.2000–12.2000)

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Нашақорлық және есірткі бизнесімен күрес комитеті төрағасының орынбасары болды (01.2001–09.2002)

Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшылығының мемлекеттік инспекторы қызметін атқарды (2002–2004)

Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшылығының қоғамдық және экологиялық қауіпсіздік бөлімінің меңгерушісі болды (2004–2005)

Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшылығы меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарды (04.2005–06.2005)

Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары әрі хатшылық меңгерушісі болды (06.2005–08.09.2009)

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы (25.01.2022) (18.09.2026 қайта тағайындалды) 

Білімі

КСРО Ішкі істер министрлігінің Қарағанды жоғары мектебі (1982) — «Заңгер-құқықтанушы» мамандығы бойынша бітірген

1984–1987 жылдары КСРО Ішкі істер министрлігінің Бүкілодақтық ғылыми-зерттеу институтының адъюнкті болды

1999 жылы «Қазақстан Республикасындағы нашақорлықпен күрестің тұжырымдамалық мәселелері (криминологиялық және қылмыстық-құқықтық зерттеу)» тақырыбында докторлық диссертация қорғады

Заң ғылымдарының докторы, профессор

Марапаттары

«Құрмет» ордені (2006)

III дәрежелі «Барыс» ордені (16.12.2021)