Серікқали Аманғалиұлы Брекешев

Серікқали Аманғалиұлы Брекешев

KAZENERGY қауымдастығының төрағасы

Туған күні
14 қазан 1972, 53 жаста
Туған жері
Қазақстан, Павлодар қаласы
Тілдерді білуі
kz, ru

Өмірбаяны

1995-1997 жылдары «Қазақстан-Ресей сауда үйі» БК бас директорының орынбасары, экономист болып жұмыс істеген

1997 жылы Ақтау қаласы бойынша Салық бөлімінің жедел бөлімінің инспекторы қызметін атқарды

1997-1998 жылдары — «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ «Мұнайгермес» материалдық-техникалық қамтамасыз ету және өнімді өткізу басқармасы филиалының құбырлар және металл бұйымдары бөлімінің 8-ші разрядты инженері, көлік, арнайы техника мен қосалқы бөлшектер бөлімінің инженері

1998-2006 жылдары — «Қарақұдықмұнай» ЖАҚ пайдалану жөніндегі инженері, кен орнында мұнай өндіру шебері, кәсіпшілік менеджері

2007-2014 жылдары энергетика және минералды ресурстар, мұнай және газ министрліктерінде басшылық лауазымдарды атқарды

2015 жылдан бастап «ҚазТрансГаз» АҚ құрылымында жұмыс істеді — Техникалық саясат департаментінің директоры, ГТЖ басқару жөніндегі басқарушы директор, техникалық саясат жөніндегі басқарушы директор, өндірістік-техникалық департаменттің директоры, бас директордың техникалық саясат жөніндегі орынбасары

2020 – 2023 жылдары – Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі, министрі

2023 жылдың ақпан айынан бастап - «ҚазМұнайГаз»ҰК АҚ Басқарма
төрағасының орынбасары болды

Білімі

1995 жылы Атырау политехникалық институтын «мұнай және газ кен орындарын игеру» мамандығы бойынша тәмамдаған