Жақып Қажманұлы Асанов

Жақып Қажманұлы Асанов

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары

Туған күні
17 тамыз 1963, 62 жаста
Туған жері
Қазақстан; Қызылорда қаласы
Тілдерді білуі
Қазақша, орысша

Өмірбаяны

Қызылорда облыстық адвокаттар коллегиясының тағылымдамашысы (1985)
Қызылорда облысы прокуратура органдары: Қызылорда қаласы прокурорының аға көмекшісі, облыс прокурорының көмекшісі, аға көмекшісі, бөлім бастығы (1986-1993)
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Жалпы қадағалау басқармасының аға прокуроры, бөлім бастығы (1993-1994)
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің консультанты, сектор меңгерушісі (1994-1996)
Оңтүстік Қазақстан облысының Салық полициясы басқармасы бастығының бірінші орынбасары (1996)
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы: Бас прокурордың аға көмекшісі – басқарма бастығының орынбасары, басқарма бастығы, департамент бастығы (1997-2001)
Алматы қаласы прокурорының бірінші орынбасары (2001-2002)
Павлодар облысының прокуроры (2002-2003)
Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі (2003)
Қазақстан кәсіпкерлері мен жұмыс берушілерінің «Атамекен» Жалпыұлттық Одағының атқарушы директорының орынбасары, «Ордабасы» корпорациясы» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі (2005-2006)
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі (2007-2012)
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары (2012-2016)
Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры (2016-2017)
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы (2017-2022)
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты (2023)
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары (2023 жылдан бастап)

Білімі

С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті, «құқықтану» мамандығы (1985)

Марапаттары

«Құрмет» ордені

«Парасат» ордені

II дәрежелі «Барыс» ордені

«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» мерекелік медалі

«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалі

«Қазақстан Республикасы прокуратурасының Құрметті қызметкері» омырау белгісі

Фото