Өрт қауіпі бар маусымға 7 мыңнан астам маман жұмылдырылды

АСТАНА. KAZINFORM — Экология министрлігінің өкілі өрт қауіпті кезеңге дайындық туралы айтты. Бұл туралы ОКҚ-нің баспасөз қызметі мәлім етті.

өрт
Фото: Pexels

ҚР ЭТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының м. а. Мақсат Елемесовтің айтуынша, табиғатты қорғау және орман мекемелері дайындыққа келтірілді.

— Тартылған күштер саны мемлекеттік орман күзетінің шамамен 7 мың адамын құрайды, оның ішінде жергілікті атқарушы органдар желісі бойынша — 4,2 мың адам, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бойынша — 3,4 мың адам. Орман және дала өрттерін сөндіру үшін 2,5 мыңнан астам техника, оның ішінде 681 өрт сөндіру автомашинасы, 600 шағын орман өрті кешені, тіркеме жабдығы бар 1 200-ден астам трактор, сондай-ақ 77 мың құрал-сайман тартылады, — деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Сонымен қатар, орман иеленушілер 1 мың тоннадан астам дизель отыны мен 892 тонна бензин көлемінде жанар-жағармай қорын толығымен қалыптастырды. 327 орман өрт сөндіру станциясы жұмыс істейді. 

Айта кетейік, ШҚО-да соңғы үш жылда 117 орман және дала өрті тіркелген.

Соңғы жаңалықтар