Абай Бейсембаев
Абай Бейсембаевқа қатысты жаңалықтар, сұхбаттар, пікірлер және сараптамалық материалдар жинағы. Абай Айдарханұлы Бейсембаев — Қазақстан Республикасының мемлекеттік қайраткері. Ол 1967 жылғы 21 мамырда Көкшетау облысында дүниеге келген. 1992 жылы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің саясаттану факультетін, 1996 жылы Т. Рысқұлов атындағы Қазақ мемлекеттік басқару академиясының жанындағы Нарық институтын тәмамдаған. Саясаттану ғылымдарының кандидаты. Еңбек жолын 1984 жылы Көкшетау облысындағы құрылыс-монтаж басқармасында жұмысшы болып бастаған. Әр жылдары Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының Экономика институтында, Мемлекеттік мүлік жөніндегі мемлекеттік комитетте, Президент жанындағы Экономикалық консультанттар кеңесінде және Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссияда қызмет атқарған. 1996–2006 жылдары «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» құрылымында вице-президент, бірінші вице-президент және президент лауазымдарында жұмыс істеген. 2006–2012 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары, 2012 жылғы 21 қыркүйектен 2019 жылға дейін Президент Іс басқарушысы болған. 2019 жылғы наурызда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының көмекшісі болып тағайындалған.