Әлихан Жамсатов

Әлихан Жамсатовқа қатысты жаңалықтар, сұхбаттар, пікірлер және сараптамалық материалдар жинағы. Әлихан Қайыргелдіұлы Жамсатов — Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау бөлімінің меңгерушісі. Ол 1983 жылы Павлодар облысында дүниеге келген. 2004 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын «Құқықтану» мамандығы бойынша, 2012 жылы С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «Құрылыс» мамандығы бойынша, 2014 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Саясаттану» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2004 жылы Павлодар қаласындағы «Энергоцентр» АҚ-да заңгер-кеңесші болып бастаған. Әр жылдары Павлодар облысының мемлекеттік органдарында, Қазақстан Республикасы Парламентінің Шаруашылық басқармасында және Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде басшылық қызметтер атқарған. 2019–2022 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Ресми іс-шаралар және сыртқы байланыстар бөлімін басқарған. 2022–2024 жылдары Президент Іс басқармасының Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының басшысы болған. 2024–2025 жылдары Президент Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарған. 2025 жылғы 25 қыркүйекте Президент Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалған. «Құрмет» орденімен және «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.