Ануар Бейсенов

Ануар Бейсеновке қатысты жаңалықтар, сұхбаттар, пікірлер және сараптамалық материалдар жинағы. Ануар Талғатұлы Бейсенов 2025 жылғы 16 қаңтардан бастап Абай облысының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы қызметін атқарады. Ол 1994 жылғы 29 қазанда Ақмола қаласында (қазіргі Астана) дүниеге келген. 2016 жылы С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін «Жерге орналастыру» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы Астана қаласының жер қатынастары саласындағы мемлекеттік мекемесінде есепке алу технигі болып бастаған. 2017–2020 жылдары Қостанай қаласы әкімінің аппаратында қызмет атқарған. Кейін Қостанай облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасында, жерді пайдалану мен қорғауды бақылау саласындағы мемлекеттік органдарда жұмыс істеген. 2022–2023 жылдары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетінде бас сарапшы және басқарма басшысы қызметтерін атқарған. 2024 жылғы мамырдан 2025 жылғы қаңтарға дейін Абай облысының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары болған.