Айман Нұрлыбек
Айман Нұрлыбекке қатысты жаңалықтар, сұхбаттар, пікірлер және сараптамалық материалдар жинағы. Абай облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы ретінде халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік қолдау шараларын ұйымдастыру, халықтың әлеуметтік осал топтарына көмек көрсету және өңірдегі әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру бағытындағы қызметі туралы толық ақпаратты оқыңыз. Айман Нұрлыбек 1989 жылғы 13 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы Қатонқарағай ауданында дүниеге келген. 2008 жылы Өскемен экономика және қаржы колледжін «Бағалау» мамандығы бойынша, 2011 жылы Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін «Есеп және аудит» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2008 жылы Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасында статист болып бастаған. Әр жылдары облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасында, Семей қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде қызмет атқарған. 2022–2024 жылдары Абай облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы басшысының орынбасары болған. 2024 жылғы 8 сәуірден бастап басқарма басшысы қызметін атқарады.