Бахыт Бекбосынов

Бахыт Бекбосыновқа қатысты жаңалықтар, сұхбаттар, пікірлер және сараптамалық материалдар жинағы. Абай облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы ретінде өңірдегі спорт саласын дамыту, бұқаралық спортты қолдау, олимпиадалық спорт түрлерін жетілдіру және спорт резервін даярлау бағытындағы қызметі туралы толық ақпаратты оқыңыз. Бахыт Әсенғазыұлы Бекбосынов 1988 жылғы 25 мамырда Семей қаласында дүниеге келген. 2010 жылы Семей мемлекеттік педагогикалық институтын «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша, 2013 жылы Қайнар университетін «Педагогика және психология» мамандығы бойынша магистратурада тәмамдаған. Еңбек жолын 2010 жылы Құқық және бизнес колледжінде дене шынықтыру пәнінің оқытушысы болып бастаған. 2013–2022 жылдары Семей медицина университетінде оқытушы, 2023–2024 жылдары Абай облысының олимпиадалық спорт түрлері бойынша спортты дамыту дирекциясының директоры, 2024–2025 жылдары облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары қызметтерін атқарған. 2025 жылғы 7 қарашадан бастап басқарма басшысы болып тағайындалған.