Бақытжан Сәпиев
Бақытжан Сәпиевке қатысты жаңалықтар, сұхбаттар, пікірлер және сараптамалық материалдар жинағы. Бақытжан Шаймұхаметұлы Сәпиев — Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі. Ол 1966 жылғы 25 маусымда Алматы облысы Панфилов ауданының Жаркент қаласында дүниеге келген. 1988 жылы Қазақ ауыл шаруашылығы институтын, 1999 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, 2006 жылы Экономика және құқық академиясын тәмамдаған. Экономика ғылымдарының кандидаты. Еңбек жолын 1988 жылы Қазақ ауыл шаруашылығы институтында лаборант болып бастаған. Әр жылдары Алматы қаласының Алатау және Әуезов аудандары әкімдіктерінде, Бостандық ауданы әкімінің орынбасары, Алматы қаласы әкімдігі аппаратының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы қызметтерінде жұмыс істеген. 2018–2019 жылдары Техникалық реттеу және метрология комитетінің Астана қаласы бойынша департаментін басқарған, 2019–2020 жылдары Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары болған. 2020–2023 жылдары Президент Әкімшілігінде мемлекеттік инспектор және бөлім меңгерушісінің орынбасары қызметтерін атқарған. 2023–2025 жылдары Президент Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау бөлімін басқарған. 2025 жылғы 25 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі болып тағайындалған. «Құрмет» орденімен марапатталған.