Дәурен Нұралиев

Дәурен Нұралиевке қатысты жаңалықтар, сұхбаттар, пікірлер және сараптамалық материалдар жинағы. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Инженерлік-техникалық орталығының директоры ретінде мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін дамыту, цифрлық инфрақұрылымның тұрақты жұмысын қамтамасыз ету және мемлекеттік басқаруға жасанды интеллект технологияларын енгізу бағытындағы қызметі туралы толық ақпаратты оқыңыз. Дәурен Серікұлы Нұралиев 1987 жылғы 23 маусымда Шымкент қаласында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Ақпараттық технологиялар» мамандығы бойынша бакалавр және магистр дәрежелерімен тәмамдаған. Еңбек жолын 2009 жылы «Қазагромаркетинг» АҚ-та инженер-бағдарламашы болып бастаған. Кейін «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингінде, «Астана LRT» ЖШС-де, «City Transportation Systems» ЖШС-де және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында басшылық қызметтер атқарған. 2022–2023 жылдары Ұлттық статистика бюросының Ақпараттық-есептеу орталығы бас директорының орынбасары болған. 2024 жылғы 3 қаңтардан бастап Президент Іс басқармасының Инженерлік-техникалық орталығын басқарады.