Ернар Лазар
Ернар Лазарға қатысты жаңалықтар, сұхбаттар, пікірлер және сараптамалық материалдар жинағы. Ернар Мерғалымұлы Лазар — Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық мәселелер жөніндегі кеңесшісі. Ол 1986 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Халықаралық экономика» мамандығы бойынша тәмамдап, 2011 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Дипломатия институтын бітірген. Еңбек жолын 2006 жылы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаментінде бастаған. 2007–2010 жылдары Қазақстанның Жапониядағы елшілігінде атташе және үшінші хатшы, 2011–2013 жылдары Сыртқы істер министрлігінің Азия және Африка департаментінде екінші хатшы, 2013–2017 жылдары Қазақстанның Нидерландтағы елшілігінде екінші және бірінші хатшы қызметтерін атқарған. 2017–2018 жылдары Сыртқы істер министрлігінің Еуропа департаментінде кеңесші болған. 2018 жылдан бастап Президент Әкімшілігінің сыртқы саясат және халықаралық байланыстар бөлімінде түрлі лауазымдарда қызмет еткен. 2023–2025 жылдары Президент Әкімшілігінің Сыртқы саясат бөлімін басқарған. 2025 жылғы 29 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық мәселелер жөніндегі кеңесшісі болып тағайындалған. Дипломатиялық дәрежесі — II сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл.