Қуат Сандалов

Қуат Жалалитденұлы Сандалов — Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Цифрландыруды дамыту бөлімінің меңгерушісі. Ол 1986 жылғы 6 желтоқсанда дүниеге келген. 2008 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің математика және ақпараттық технологиялар факультетін тәмамдаған. 2023 жылы Назарбаев Университетінде Executive MBA дәрежесін алған. Еңбек жолын 2008 жылы «Mobile Realty» ЖШС-де IT маманы болып бастаған. 2009–2010 жылдары «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-да бас сарапшы және IT сәулетшісі, 2010–2014 жылдары «ENRC Kazakhstan» ЖШС-де ақпараттық жүйелер менеджері және бағдарламалық қосымшалар сәулетшісі қызметтерін атқарған. 2014–2016 жылдары TIMWE компаниясында бағдарламалық қосымшаларды әзірлеу жөніндегі жоба менеджері болған. 2016–2024 жылдары «Қазақтелеком» АҚ-ның IT департаментінде түрлі лауазымдарда жұмыс істеп, цифрландыру және үлкен деректерді басқару жөніндегі директор қызметін атқарған. 2024 жылғы 1 тамызда Президент Әкімшілігінің Цифрландыруды дамыту бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалған. 2025 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.