Ләззат Рысбекова

Ләззат Рысбековаға қатысты жаңалықтар, сұхбаттар, пікірлер және сараптамалық материалдар жинағы. Оның парламенттік қызметі, өңірлік даму, кәсіпкерлікті қолдау, гендерлік теңдік және әлеуметтік-экономикалық саясат мәселелеріне қатысты бастамалары туралы ақпаратты оқыңыз. Ләззат Тұяқбайқызы Рысбекова 1976 жылғы 7 мамырда Орал қаласында дүниеге келген. Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін «Бухгалтер-қаржыгер» мамандығы бойынша, Қазақ мемлекеттік заң академиясын «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған. Экономика және қаржы магистрі. Еңбек жолын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша қаржылық бақылау құрылымында бастаған. Кейін «Қазақтелеком» АҚ-ның Батыс Қазақстан облыстық телекоммуникация дирекциясында және облыстық прокуратурада қызмет атқарған. Орал гуманитарлық колледжінің қаржы директоры болған. Батыс Қазақстан облысының іскер әйелдер қауымдастығын басқарған. 2020 жылғы 13 тамызда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып сайланған. Сенатта Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің мүшесі болған.