Марат Оспанов
Марат Оспановқа қатысты жаңалықтар, сұхбаттар, пікірлер және сараптамалық материалдар жинағы. Марат Нұрымұлы Оспанов — Ақмола облысының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы. Ол 1987 жылғы 13 тамызда Көкшетау қаласында дүниеге келген. «Бурабай» колледжін «Дизайн» мамандығы бойынша, Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін және Мәскеудегі Халықаралық қатынастарды дамыту академиясын «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы Ақмола облысы әкімінің аппаратында мемлекеттік-құқықтық жұмыс және жұмылдыру дайындығы мәселелері бойынша бас маман болып бастаған. Кейін облыс әкімінің аппаратында жұмылдыру дайындығы мен азаматтық қорғау бағытында бас инспектор, жұмылдыру дайындығы бөлімінің басшысы және облыстық басқарма басшысының орынбасары қызметтерін атқарған. 2025 жылғы 10 қыркүйектен бастап Ақмола облысының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасын басқарады.