Марат Теміржанов
Марат Теміржановқа қатысты жаңалықтар, сұхбаттар, пікірлер және сараптамалық материалдар жинағы. Марат Қапарұлы Теміржанов 2025 жылғы 18 тамыздан бастап Абай облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы қызметін атқарады. Ол 1972 жылғы 1 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданының Ұзынбұлақ ауылында дүниеге келген. Семей мемлекеттік университетін «Зоотехния» мамандығы бойынша, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін «Экономика» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 1993 жылы Көкпекті ауданындағы «Үлгілімалшы» кеңшарында ветеринарлық техник болып бастаған. Әр жылдары ауыл шаруашылығы, телекоммуникация және қаржы салаларында жұмыс істеген. 2006–2009 жылдары Көкпекті ауданының ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы, 2009–2010 жылдары Белое ауылдық округінің әкімі, 2010–2015 жылдары ауданның ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің басшысы, 2015–2025 жылдары Көкпекті ауданы әкімінің орынбасары болған. 2025 жылғы ақпаннан бастап Бородулиха ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.