Нажмадин Шамуратов
Нажмадин Шамуратовқа қатысты жаңалықтар, сұхбаттар, пікірлер және сараптамалық материалдар жинағы. «Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-нің бас директоры ретінде су шаруашылығы саласындағы ғылыми зерттеулерді дамыту, гидротехникалық нысандарды жетілдіру және су ресурстарын тиімді пайдалану бағытындағы қызметі туралы толық ақпаратты оқыңыз. Ол 2026 жылғы қазанда институттың бас директоры болып тағайындалды. Бұған дейін осы мекемеде бас инженер, «Қазсушар» РМК Қызылорда филиалы басшысының міндетін атқарушы, «Нұра топтық су құбыры» РМК «Арал» филиалының директоры қызметтерін атқарған. Әр жылдары Қызылорда облысының сәулет, құрылыс және көлік бақылауы салаларында басшылық лауазымдарда жұмыс істеген, Қазалы және Қармақшы аудандарының әкімі болған. Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын, әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін және «Қайнар» университетін тәмамдаған.