Нұрбек Бадырақов

Нұрбек Бадырақовқа қатысты жаңалықтар, сұхбаттар, пікірлер және сараптамалық материалдар жинағы. Нұрбек Бақтыбайұлы Бадырақов — Ақмола облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы. Ол 1988 жылғы 11 маусымда Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Су ресурстары және суды пайдалану» мамандығы бойынша, М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін ауыл шаруашылығы ғылымдарының магистрі дәрежесі бойынша және Қазақстан Халықтар Достығы университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2009 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасында статистик болып бастаған. Әр жылдары ауыл шаруашылығы саласындағы бөлімдерді басқарған, облыстық басқарма басшысының орынбасары, Ауыл шаруашылығы министрінің кеңесшісі, «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингінің бас менеджері, Мәжіліс депутатының көмекшісі және Шымкент қаласы әкімінің аппарат басшысы қызметтерін атқарған. 2018–2022 жылдары Түркістан облысының ауыл шаруашылығы басқармасын басқарған. 2022–2025 жылдары Ордабасы ауданының әкімі болған. 2025 жылғы 16 қаңтардан бастап Ақмола облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы қызметін атқарады.