Рақымжан Ерназар
Рақымжан Ерназарға қатысты жаңалықтар, сұхбаттар, пікірлер және сараптамалық материалдар жинағы. Рақымжан Серікбайұлы Ерназар — Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық саясат бөлімінің меңгерушісі. Ол 1988 жылғы 28 маусымда Талдықорған қаласында дүниеге келген. 2010 жылы Қазақстан-Британ техникалық университетін тәмамдап, 2011 жылы осы оқу орнында инженерия және технологиялар магистрі дәрежесін алған. Жапония, Австрия, АҚШ және Корея Республикасында тағылымдамадан өткен. Еңбек жолын 2011 жылы «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ-да талдамалық бағыттағы қызметтерден бастаған. 2016–2018 жылдары «Қазақстан индустриялық даму институты» АҚ Стратегиялық жобалар орталығының директоры, 2018–2020 жылдары Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қоры жанындағы «Әлемдік экономика және саясат институты» корпоративтік қорының Стратегиялық зерттеулер және болжау бағдарламасының жетекшісі болған. 2020–2023 жылдары Президент Әкімшілігінің Стратегиялық жоспарлау бөлімі меңгерушісінің орынбасары, 2023 жылғы тамыздан бастап осы бөлімнің меңгерушісі қызметін атқарған. 2025 жылғы 2 сәуірде Президент Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық саясат бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалған. 2023 жылы «Құрмет» орденімен марапатталған.