Руслан Тұрғаналы
Руслан Тұрғаналыға қатысты жаңалықтар, сұхбаттар, пікірлер және сараптамалық материалдар жинағы. Руслан Мұхтарұлы Тұрғаналы — Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік қызмет бөлімінің меңгерушісі. Ол 1986 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. 2008 жылы Қазақ гуманитарлық-заң университетін, 2016 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша Ұлыбританияның Ноттингем университетін тәмамдаған. Мамандығы бойынша халықаралық құқық бакалавры және мемлекеттік саясат магистрі. Еңбек жолын 2009 жылы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде бастаған. 2009–2011 жылдары Заңнама департаментінде сарапшы, Заңға тәуелді актілер департаментінде бас сарапшы қызметтерін атқарған. 2011 жылы Президент Әкімшілігінің Мемлекеттік-құқықтық бөліміне сарапшы болып қабылданып, кейін кеңесші және инспектор лауазымдарында жұмыс істеген. 2016–2018 жылдары Мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімінде инспектор және сектор меңгерушісі болған. 2018–2019 жылдары Ұлттық экономика министрлігінің Адами ресурстармен жұмыс істеу департаментін басқарған. 2019–2021 жылдары Президент Әкімшілігінің Мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімінде сектор меңгерушісі, 2021 жылдан бастап бөлім меңгерушісінің орынбасары қызметтерін атқарған. 2022 жылғы 22 маусымда Мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімінің меңгерушісі, ал 2023 жылғы 1 қыркүйекте Мемлекеттік қызмет бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалған. «Құрмет» орденімен және «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.