Рүстем Сабыржанұлы

Рүстем Сабыржанұлына қатысты жаңалықтар, сұхбаттар, пікірлер және сараптамалық материалдар жинағы. Түркістан облысының дін істері басқармасының басшысы ретінде өңірдегі діни тұрақтылықты сақтау, мемлекеттік дін саясатын іске асыру, діни экстремизмнің алдын алу және қоғамда зайырлылық қағидаттарын түсіндіру бағытындағы қызметі туралы толық ақпаратты оқыңыз. Ол 1979 жылы Түркістан облысында дүниеге келген. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін, Алматы экономикалық университетін және Халықаралық гуманитарлық-техникалық университетін тәмамдаған. Еңбек жолын 2001 жылы Леңгір қаласындағы Қаныш Сәтбаев атындағы мектепте тарих пәнінің мұғалімі болып бастаған. Кейін Леңгір қаласы әкімінің аппаратында және Түркістан облысы әкімінің аппаратында түрлі лауазымдар атқарған.