Вера Ким
Вера Кимге қатысты жаңалықтар, сұхбаттар, пікірлер және сараптамалық материалдар жинағы. Қазақстандағы қоғамдық бастамаларды дамыту, волонтерлік қозғалысты қолдау, азаматтық қоғамды нығайту және экологиялық мәселелер жөніндегі қызметі туралы толық ақпаратты оқыңыз. Вера Александровна Ким 1982 жылғы 30 шілдеде Павлодар қаласында дүниеге келген. 2003 жылы Алматы экономика және статистика академиясын «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2017 жылы С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде әлеуметтік білім магистрі дәрежесін алған. Еңбек жолын Павлодар қалалық әлеуметтік-волонтерлік орталығында бастаған. 2006–2010 жылдары «Әлеуметтік-волонтерлік орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы, 2010–2012 жылдары «Қазақстанның Азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің волонтерлік бағдарламалар директоры, 2012 жылдан бастап «Ұлттық волонтерлік желі» заңды тұлғалар бірлестігінің төрайымы болған. 2021–2023 жылдары VII шақырылымдағы, 2023–2026 жылдары VIII шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болды. 2026 жылғы қазанда Қазақстан Халық Кеңесінің Қоғамдық бастамаларды дамыту комитетінің төрайымы болып тағайындалды.