Жанна Асанова
Жанна Асановаға қатысты жаңалықтар, сұхбаттар, пікірлер және сараптамалық материалдар жинағы. Денсаулық сақтау, құқық қорғау жүйесі, сайлау үдерісі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және қоғамдық қауіпсіздік мәселелеріне қатысты қызметі мен бастамалары туралы ақпаратты оқыңыз. Жанна Бейсентайқызы Асанова 1975 жылғы 1 желтоқсанда Алматы облысының Шелек ауданында дүниеге келген. С.Д. Асфендияров атындағы Алматы мемлекеттік медицина университетін педиатр дәрігер, Қазақ ұлттық аграрлық университетін заңгер-экономист мамандықтары бойынша тәмамдаған. Еңбек жолында медицина, фармацевтика, көші-қон саласы және Алматы қаласының әкімдік құрылымдарында қызмет атқарған. «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының Түрксіб аудандық филиалын басқарған, «Алматы даму орталығы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары әрі Open Almaty қоғамдық қабылдау бөлімінің жетекшісі болған. 2019–2022 жылдары «EcoAlmaty» ЖШС директоры қызметін атқарған. 2023 жылы Алматы қаласынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып сайланып, конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары мәселелерімен айналысқан.