Жарқын Түсіпбекұлы

Жарқын Түсіпбекұлына қатысты жаңалықтар, сұхбаттар, пікірлер және сараптамалық материалдар жинағы. Абай облысының ішкі саясат басқармасының басшысы ретінде өңірдегі ақпараттық саясатты іске асыру, қоғамдық-саяси тұрақтылықты сақтау, азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимылды дамыту және мемлекеттік органдар мен қоғам арасындағы байланысты нығайту бағытындағы қызметі туралы толық ақпаратты оқыңыз. Жарқын Түсіпбекұлы Жұмаділов 1985 жылы Семей қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін саясаттану мамандығы бойынша тәмамдап, бакалавр және магистр дәрежелерін алған. Еңбек жолын журналистика саласында бастап, «Қазақ радиосында» редактор-жүргізуші, «Алаш айнасы» газетінде саяси шолушы, «Ұлт TIMES» газетінде бас редактордың орынбасары және «Қазақстан» РТРК» АҚ-да шеф-редактор болып жұмыс істеген. Әр жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында сарапшы, Батыс Қазақстан облысы әкімінің баспасөз хатшысы мен кеңесшісі, «Elorda Aqparat» ЖШС директоры және Президенттің баспасөз қызметінде инспектор болған. 2025 жылғы 23 маусымда Абай облысының ішкі саясат басқармасының басшысы болып тағайындалған.