Атап айтқанда, жалпы отырыс барысында палата депутаттары Вера Александровна Кимнің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі ретінде сайлау ұсынысын қолдады.
Бұдан бұрын хабарланғандай, жақында «AMANAT» партиясы Мәжіліс депутатының бос лауазымына Вера Кимді ұсынды.
19 қыркүйек күні Орталық сайлау комиссиясы В.Кимді Парламент Мәжілісінің депутаты ретінде тіркеді.
Ол осыған дейін 2021 - 2023 жылдар аралығында «AMANAT» партиясы атынан Мәжілістің VII шақырылым депутаты болды.
Вера Александровна Ким 1982 жылы Павлодар облысында дүниеге келген.
2003 - 2012 жылдар аралығында Павлодар қалалық әлеуметтік-волонтерлік орталығында, «Әлеуметтік-волонтерлік орталығы» жастар қоғамдық бірлестігінде, «Қазақстанның Азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінде түрлі қызмет атқарды.
2012 жылы «Ұлттық волонтерлік желісі» заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы болды.
2017-2021 жылдары – «Zhasproject» жастар корпусын дамыту жобасының үлестіру агенттігінің басшысы.