1-2 күнде бұйрыққа қол қоямын – Білім министрі мектептегі ашықтық жайында

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектептегі бюджет пен кадр, штаб кестесі жайлы ақпараттарды ашық түрде жариялауды міндеттейтін бұйрыққа қол қойғалы жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл сұрақ бірнешежыл бойы көтеріліп келе жатыр. Жалпы, мектептерде, білім беру ұйымдарындаашықтықты жариялау мәселесі өте өзекті. Бюджет, штаб кестесі, тарификация – өтемаңызды. Біз қазіргі таңда тиісті министрліктің бұйрығын дайындадық. Мен осыбір-екі күннің ішінде қол қоятын боламын. Осы бұйрыққа сәйкес, барлықмемлекеттік білім беру ұйымдары сайттарында өздерінің бюджетін ашықжариялайды. Бірақ, ол бюджетті жай ғана қоя салмай, барлық қоғамға түсініктіболатын тілмен жазуға міндеттеледі. Екіншіден, штаттық кестесін, үшіншіден, тарификацияны жариялауы керек. Тарификация дегеніміз – қай мұғалімде неше сағатекенін жариялайтын ақпарат», - деді министр Үкіметтің баспасөз орталығында.

Асхат Аймағамбетовбұл қадам не үшін маңызды екенін де түсіндірді.

«Жемқорлықмәселесін алдын алуда бұл қадамның маңызы өте зор. Себебі, кейбір білім беруұйымдарында штаттық кесте бойынша жұмыскерлер бар дегенімізбен, сол мектептеістеп жатқан адамдардың өздері сол адамдардың бар-жоғын білмейді. Соны жарияететін болсақ, барлық ұжым кімнің қанша сағаты барын, кімнің жұмыс істепжатқанын, қандай лауазымда екенін білетін болады. Бұл әлбетте, жемқорлықтыңалдын алуға үлкен септігін тигізеді деп сенеміз», - деді министр.

Соңғы жаңалықтар