«Дельта-Долина» өңіраралық есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері Кеңес ауылының «Қырсымбал» құмды аумағында 32 жастағы Алматы қаласының тұрғынын қолға түсірді. Одан салмағы бір жарым тонна марихуана тәркіленді», - деді ресми өкіл.
Оның айтуынша, аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 259 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жасалған қылмыс үшін 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін. Қазіргі таңда есірткі заттарының тасымалдау арнасын анықтау мақсатында кешенді түрде жедел-іздестіру, арнайы және тергеу шаралары жүргізілуде.