«Ақтөбе шекара жасағына қарасты Жайсаң бөлімшесінде «ВАНХОЛ» автокөлігін мінген 35 жастағы қазақстандық ұсталды. Оның автокөлігінен ешқандай ілеспе құжаты жоқ самаурындар табылды. Түсті металл сынықтары ретінде әкетіліп бара жатқан самаурындардың жалпы салмағы - 861 килограмм» делінген хабарламада.
Шекарашылардың мәліметінше, бұл самаурындардың металл сынығы ретіндегі құны - 1 млн 845 мың теңге.