1 қаңтар күні Қазақстанда ауа райы құбылмалы болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан территориясының басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталып, атмосфералық фронтальдық бөліктердің өтуіне байланысты қар, бұрқасын, тұман, көктайғақ, жел күшейеді. Тек қана еліміздің оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз   болады.

Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлайды.

Ақмола, Павлодар  облыстарында бұрқасын соғады, кей жерлерінде қатты жел тұрып, жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 25 м/с, кей жерлерінде 30 м/с-ға дейін күшейеді.

Алматы облысының кей жерлерінде тұман түседі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді, түнде  жел екпіні 23 м/с-ға дейін күшейуі күтіледі.

Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін жетеді, екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Қостанай облысының  кей жерлерінде жаяу бұрқасын күтіледі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін, екпіні 23 м/с-ға дейін күшейеді.

Қарағанды облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді. Қарағанды  облысының кей жерлерінде - бұрқасын, көктайғақ, тұман, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді, күндіз екпіні 25 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді, екпіні 25 м/с, кей жерлерінде 30 м/с, кей жерлерінде бұрқасын.