НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 1 қыркүйек - Білім күні Қазақстан мектептерінде онлайн жиын өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Білім және ғылым министрлігіне сілтеме жасап.
«Мектептерде жаңа оқу жылының басталуына арналған онлайн жиын өтеді. Балалар мектепке келмейді, онлайн линейкаға қолжетімді құрылғылар мен байланыс құралдары арқылы қатысады» деп мәлім етті ведомстводан.
Еске сала кетейік, бұған дейін министрлік арнайы білімді қажет ететін балалар қалай оқитынын түсіндірген болатын.
Жанат Қапалбаева
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолын аймақтық басылымдардан бастаған.
Төрт тіл біледі, кәсіби аудармашы.
2018 жылдан бері – Kazinform шығарушы редакторы.
ҚР Журналистер одағының мүшесі.