«Іс-шараның негізгі мақсаты - құқық бұзушылықтың, кәмелетке толмағандардың арасындағы қылмыстың, балалардың қараусыздығы мен бақылаусыздығын, сондай-ақ, жолдардағы травматизмді болдырмау және оның алдын алу болып табылады»,- деп хабарлады ведомстводан.
Акцияға Астана қаласы ІІД Әкімшілік және жол полициясы қызметкерлері мен Білім басқармасының өкілдері тартылады.
Іс-шаралар барысында Жол полициясы қызметкерлері мен ювеналды полиция бөлімшелері қаладағы барлық ортақ білім беретін мекемелерге барып балалардың жол-көлік травматизімі тақырыбында сөз сөйлеп, жаңа оқу жылының линейкасына қатысады.
«Орта білім беру мекемелерінің оқушыларына және ата-аналарға полиция қызметкерлерінің кәмелетке толмағандардың өмірі мен денсаулығын қорғау бойынша жүргізілетін жұмысы, сондай-ақ, кәмелетке толмағандардың қоғамдық орындардағы, білім мекемелеріндегі және жолдардағы қауіпсіздік шаралары туралы айтылады»,- делінген баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
1 қыркүйекте әкімшілік қызмет басшылары келесі мектептерде сөз сөйлейді:
- № 3 ОМ, Республика даңғылы, 35, Астана қ. ІІД ӘПБ бастығы, полиция подполковнигі Жантаев С.С.;
- № 16 ОМ, Кенесары к-сі, 81, Алматы ауданы ІІБ бастығының орынбасары, полиция майоры Әбішев М.М.;
- № 65 ОМ, 187 к-сі, 18/4, Сарыарқа ауданы ІІБ бастығының орынбасары, полиция майоры Жұмағалиев К.А.;
- № 71 ОМ, Жағалау к-сі, 3, Есіл ауданы ІІБ бастығының орынбасары, полиция майоры Баймұхамет А.Р;
- № 67 ОМ, 188 к-сі, (Сейфуллин к-сінің басы), 23/1, ЖПБ бастығының орынбасары, полиция полковнигі Шоланов Б.Е.