«Өткен жылы да сенбіге тура келген болатын. Осы тұстаөте көп пікірталас бар. 1 қыркүйекте сабақ болмайды. Тек салтанатты сап түзеушарасы ғана атқарылады. Бұл мереке, Білім күні. Шығып, салтанатты сап түзеушарасын өткізгеннен кейін үйге қайтамыз», - деді министр БАҚ өкілдерінің сауалына орай.
17:52, 16 Тамыз 2019
1 қыркүйекте сабақ болмайды - Білім министрі
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 1 қыркүйек - Білім күнінде еліміздің барлық мектептерінде салтанатты сап түзеу шарасы өткізіледі. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.